Жапон астронавты Норисигэ Канаи «ғарышта үш аптада 9 сантиметрге өстім» деп жалған сөйлегені үшін кешірім сұрады.
Ол өз бойының осынша ұзарғанын «Твиттерде» жазған. Бұл хабарлама көпшілікті бей-жай қалдырмады.
Ал, шындығында ғарышкер небәрі 2 сантиметрге өскен. Қайта өлшенгеннен кейін Канаи қателескенін мойындады.
Әдетте салмақсыздықта адамның омыртқасы ұзарып, бойы 2-3 сантиметрге өседі. Ал, Жерге оралғанда қалпына келеді.
Айта кету керек, бұл - Норисигэ Канаидің ғарышқа алғашқы сапары. Жапониялық астронавт орбиталық станцияда алты айға жуық болады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астронавт жалған сөзі үшін кешірім сұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71262/)