Олар полиция бөлімшелеріне, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасады деп айыпталып отыр. Елде наразылық акциялары осымен үшінші күнге ұласып, елдің 20-дан астам қаласына тараған. Шерулерді оппозиция ұйымдастырып отыр. Олар осылайша бағалардың қымбаттауы мен салықтың өсуіне қарсылық білдірді. Полиция демонстранттарды тарату үшін газ қаруын қолданған. Наразылық акциясы кезіндегі тәртіпсіздіктерден 1 адам қаза тапты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тунис полициясы үкіметке қарсы шерулерге қатысқан 237 адамды тұтқындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71269/)