АҚШ-тың Калифорния штатында тасқын мен лай көшкінен жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы деректерге қарағанда, қаза тапқандардың саны 17-ден асып кеткен. Тағы шамамен 10-ға жуық адам жоғалған. Ал, 28 тұрғын түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Құрбан болғандардың қатарында 3 жасқа толмаған балалар болғаны белгілі болды. Апаттан әсіресе көп зардап шеккен Санта-Барбара округінің полициясы қаза тапқандардың аты-жөнтерін анықтап, ғаламторға жүктеді. Жүздеген қираған үйдің астынан адамдарды құтқаруға 700-ден астам маман тартылып отыр. Сондай-ақ, ондаған түкұшақ пен ауыр техника жұмылдырылды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Калифорния штатында тасқын мен лай көшкінінен жоғалғандарды құтқару жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71279/)