![Алматыда «KazFranch-2014» көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75390.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Франчайзингтің Еуразиялық қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған «KazFranch-2014» көрмесі ашылды.
Биыл екінші рет өткізіліп отырған шараға франшизаларын қазақстандық нарыққа ұсынған 35 отандық және шетелдік компания қатысты.
Көрме аясында «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдауға қол жеткізген сәтті бизнес-жобалар галереясы ашылып, франчайзерлердің тақырыптық тұсаукесерлері мен бренд-шоулар өткізілді.
«Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасының қатысушылары марапатталып, 3 жеңімпаз қазақстандық екі банктің қайтарымсыз 8 миллион теңге грантына ие болды.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «KazFranch-2014» көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7128/)