Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет футбол матчын тамашалау үшін стадионға барды. Олардың кейбіреуі ойынды көріп қана қоймай, ұйымдастыру жұмыстарына да қатысқан.
Матч «Әл-Ахли» және «Әл-Батин» командаларының арасында өтті. Жергілікті билік қыз-келіншектерге мұндай мүмкіндікті өз құқығын қорғау үшін белсенділік танытқан әйелдердің арқасында беріп отыр.
Стадионға келген нәзік жанды жанкүйер қыз-келіншектердің сөзінше, олар осы матчты көптен күткен. Ойын 5:0 нәтижесімен немесе «Әл-Ахлидің» жеңісімен аяқталды. Дегенмен, әйелдер үйленбеген ер-азаматтардан алыс, арнайы қоршалған орындарда отырды. Ал, Алькашкари есімді бойжеткен «Твиттерге» стадионда түскен суретін жүктеп, 18 мың лайк жинаған екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет футбол матчын тамашалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71296/)