Қытайдың солтүстік-шығысында ауаның температурасы -45 граудуске дейін төмендеді. Сарышұнақ аязға Хэйлунцзян провинциясының бірқатар аудандары тап болды. Оларда суықтан тұман көтеріліп, қазір 30 метрден артық қашықтыққа көз жеткізу мүмкін емес.
Осыған ұқсас жағдай Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Аймағы мен Хэбэй провинциясында да қалыптасты. Хэбейдің кейбір жерлерінде сынап бағанасы -47 градусты көрсеткен. Жергілікті тұрғындар болса, мұндай аязды өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басынан бері көрмегендерін айтады.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда ауаның температурасы -45 градуске дейін түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71336/)