Бүгін Оңтүстік Кореяның Мирян қаласындағы ауруханада өрт шығып, 41 адам қаза тапты. Ондағаны жараланып, госпитальдерге жеткізілген. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Алдын ала болжамдарға қарағанда, өрт таңертеңгі сағат 7:30-да төменгі қабатта жедел жәрдем қызметі бөлімінде басталған. Мамандар лапылдаған отпен 2 сағат арпалысып, оны әрең дегенде сөндірді. Апат кезінде госпитальдің ішінде 200-ге жуық науқас болған. Олардың көбі дер кезінде эвакуацияланды.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қаза тапқандардың көбі түтіннен түншығып қалды.
Айта кету керек, бұл - Оңтүстік Кореяда соңғы 10 жылда болған ең алапат өрт.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда ауруханадағы алапат өрттен 41 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71352/)