Жапонияда қарттар үйінде алапат өрт шығып, 11 адам қаза тапты. 5 егде жастағы кісі құтқарылған. Оқиға Хоккайдо аралындағы Саппоро қаласында болды. Мұны «NHK» өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт кешке жергілікті уақытпен сағат 23:40 шамасында басталған. Лапылдаған отпен 40-тан астам маман арпалысып, бірнеше сағат жұмсады. Соңғы деректерге сүйенсек, қарттар үйінде бас-аяғы 16 қарт адам болды. Олар - 50-80 жас аралығында. Әзірге апатқа не себеп екені белгісіз. Мұны анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапониядағы қарттар үйіндегі алапат өрттен 11 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71381/)