Австрияның оңтүстік-шығысында екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 1 адам қаза болып, 22-сі жараланды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Жарақаттанғандардың қатарында 3 бала бар. Қолда бар деректер бойынша, оқиға елдің Штирия провинциясында жергілікті уақытпен түскі сағат 12:25-те болған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бір пойыз рельстен тайған болса керек. Апаттық жағдайға байланысты аймақта темір жол қатынасы тежеліп, пойыздар кейінге шегерілді. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австрияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 22 адам жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71436/)