Сирияның Хмеймим әуе базасына құлаған ресейлік АН-26 ұшағы бортында болған 39 адам қаза тапты. Марқұмдардың барлығы - әскери қызметкерлер. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Яғни, ол қасақана атып түсірілмеген. АН-26 Хмеймим әуе базасы жолағына 500 метрдей қалғанда жермен түйіскен. Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы болған оқиғаны жан-жақты тексеріп жатыр. Ресми мәліметтерге сай, Сириядағы әскери науқан кезінде бас-аяғы 44 ресейлік жауынгер қаза тапқан. Ал, «Рейтердің» мәліметінше, 2017 жылдың өзінде Араб Республикасында 131 ресейлік жалдамалы сарбаз мерт болған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейлік АН-26 ұшағы құлап, 39 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71501/)