Сирияда ұшақ апатынан қаза тапқан ресейлік әскерилердің туған-туыстарына көмек көрсетіледі. Мұндай мәлімдемені бүгін Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев жасады. Ол басқаратын аймақтан екі жауынгер мерт болған.
АН-26 ұшағы өткен тәулікте Сирияның Хмеймим аэродромына қонарда құлап, 39 адам мерт болды. Құрбандардың ішінде 1 генерал-майор мен 27 офицер бар. Апатқа техникалық ақау себеп болса керек.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұшақ апатынан қаза тапқан ресейлік әскерилердің туған-туыстарына көмек көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71508/)