Нью-Йоркте тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны бесеуге жетті. Яғни, еурокоптерде болған жолаушылардың барлығы мерт болған. Тек пилот аман қалды. Тікұшақ суға құлап бара жатқанда ол өзін-өзі босатып үлгерген. Екі жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. Қалған үшеуі кейін ауруханада дүние салған.
Айта кетсек, олар тікұшақпен Нью-Йорктің көрнекті жерлерін тамашалау үшін әуеге көтерілген. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нью-Йоркте тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны беске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71524/)