АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласының оңтүстік-батысында жарылыс болды. Соның салдарынан жастары шамамен 20-дағы екі адам жарақат алған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жарылғыш зат іске қосылған аумақты жауып тастаған.
Наурыздың 12-де Остинде екі бомба жарылып, бір адам қаза тапқан-ды. Тағы біреуі зардап шекті. Ал, одан 10 күн бұрын мұнда дәл осындай оқиғадан 39 жастағы ер адам опат болған.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл жарылыстар бір-бірімен байланысты. Бірақ, оларды кім және неліктен ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.
Мадина РАХЫМБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Остин қаласының оңтүстік-батысындағы жарылыстан екі адам жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71563/)