Испанияның оңтүстік-шығысында цирк пілдерін апара жатқан жүк көлігі апатқа ұшырады. Соның салдарынан бес жануардың біреуі қаза тауып, тағы екеуіне мал дәрігерлері мен эвакуатордың көмегі қажет болған.
Оқиға Альбасете қаласына жақын жерде А-30 тас жолында орын алды. Мурсияға қарай бет алған автомобиль жеңіл көліктен озам дегенде, жүргізушісі рөлге ие бола алмай, машина аударылған. Ал, апат орнына құтқарушылар жеткенше, пілдер жол бойымен емін-еркін серуендеп, кептелістерде тұрып қалған адамдар оларды әбден қорқытты.
Мадина РАХЫМБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда жол апатында бір піл қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71634/)