АҚШ-тың Сан-Бруно қаласының полициясы YouTube штаб-пәтерінде оқ жаудырған күдікті әйелдің есімін анықтады. Ол – 39 жастағы Ираннан шыққан Калифорнияның Сан-Диего қаласының тұрғыны Назим Агдам.
Жергілікті баспасөз құралдары хабарлағандай, Агдамның әлеуметтік желілерде бірнеше арнасы және интернет-сайты болған. Мұнда ол жануарларға қатігездікпен қарау тәрізді түрлі тақырыптарға арналған видео салатын еді. Ал, өзінің жеке вебсайтында әйел YouTube-ты оның роликтерін жойып тастайтыны үшін айыптайтын.
Видеохостингтің бас офисіндегі төтенше жағдай сейсенбі күні болған. Назим Агдам үш адамды жарақаттап, кейін өзін-өзі атып өлтірді.
Мадина РАХЫМБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та YouTube штаб-пәтеріне атыс ашқан күдіктінің есімі анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71649/)