Үндістанның солтүстігінде мектеп автобусы 30 метрлік сайға құлап, аударылған. Апаттан 30 адам, соның ішінде 27 бала қаза тапқан. Оқиға елдің Химачал-Прадеш штатында болды. 7 бала ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың өмірін арашалап қалу үшін күресіп жатыр. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Ал, апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанның солтүстігіндегі автобус апатынан 30 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71679/)