Ресей үкіметі америкалық санкцияларға жауап қайтару туралы заң жобасын мамырдың 15-де талқыға салмақ. Мемлекеттік Дума депутаттары «бұл санкциялар тек АҚШ-ты ғана емес, оларға қосылып отырған өзге мемлекеттерді де қамтуы мүмкін», - дейді.
Заң жобасына сай, америкалық ауылшаруашылық, ішімдік және темекі өнімдерін, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерін елге кіргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, Ресей мен АҚШ-тың атом, авиа және зымыран қозғалтқыштары құрылысы саласындағы серіктестігін тоқтату қарастырылып отыр.
Мадина РАХЫМБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеу АҚШ-қа жауап қайтаруы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71717/)