Оппозиция жақтастары бұрынғы президент Серж Саргсян кандидатурасының премьер-министрлікке ұсынылуына наразылық білдіріп, көшеге шыққан. Қарсылық акциясы 4 күнге созылды. Қақтығыс кезінде 46 адамға медициналық көмек қажет болған. Олардың алтауы – полиция офицерлері. Жараланғандардың ішінде оппозиция лидері Никол Пашинян да бар. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Биліктегі Республикалық партия Саргсянның кандидатурасын үкімет басшылығына сәуірдің 14-де ұсынды. Бұл мәселеге қатысты соңғы шешім парламентте бүгін қабылдануы керек.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Армения астанасы Ереванда демонстранттар полициямен қақтығысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71719/)