Бейсенбіде әлемде миллиондаған мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында Ислам дінін ұстанатындардың көп бөлігі Индонезияда тұрады. Мұнда 251 миллионнан астам тұрғынның 90 пайызға жуығы - мұсылман. Ораза басталғанда елде көңіл-көтеру орындары, әсіресе, түнгі клубтар уақытша жұмысын тоқтатады.
Биыл Рамазан айына дайындық жоғары. Дегенмен, жергілікті халық азық-түлік бағасының шарықтап кеткенін айтып отыр. Ал, өткен жылдары үкімет қасиетті мереке кезінде қымбатшылыққа жол бермеуге тырысқан. Әсіресе, ет бағасының қымбаттауына қарсы шаралар қабылданды.
Индонезияда Рамазан айында мұсылмандар тиісті салт-жоралғыларды орындап, марқұм болған туған-туыстарының зиратына барып, үлкендерден кешірім сұрайды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бейсенбіде Рамазан айы басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71849/)