Малайзия полициясы бірнеше апартаментте рейд жүргізіп, 28,6 миллион доллар мен 400-ден астам қымбат сөмке тәркіледі. Бұл операция экс-премьер Наджиб Разақ қаржыландырған мемлекеттік қорды коррупциялық іске байланысты тексеру аясында жүргізілді. Мамырдың 18-нен бері бұрынғы үкімет басшысының ұлы мен қызына тиесілі пәтерлерді де тінтіді.
Айта кетсек, Разақ мамырдың 9-да өткен парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырап, биліктен кетті. Содан кейін ол билік еткен тұста Малайзия даму қорынан жоғалып кеткен миллиардтаған доллар іздестіріліп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Малайзия полициясы 28 млн. доллар мен 400-дей сөмке тәркіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71902/)