Қытайдағы Лазими ауылының тұрғындары базарға жету үшін бастарын қауіпке тігуге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы Лазими ауылының тұрғындары базарға жету үшін бастарын қауіпке тігуге мәжбүр

25.05.2018

Қытайдың тау бөктерінде орналасқан Лазими ауылының тұрғындары базарға жету үшін күнде өз бастарын қауіпке тігуге мәжбүр. Олар өзеннен өтерде тросқа асылуы тиіс. Мұндай тәсілмен арғы бетке жететіндердің арасында әйелдер мен балалар да бар.

Лису деген этникалық топқа кіретін бұл халық ондаған жылдар бойы екі жақ арасында осылай қатынап жүр. Өйткені, шалғайдайғы елді мекендер маңында не жол, не көпір жоқ.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, Ну өзенінің үстінен тросқа асылып өтіп жүрген 30 шақты ауыл бар.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу