ЕО Америка тауарларына тарифті 25% көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО Америка тауарларына тарифті 25% көтереді

21.06.2018

Еуропа одағы АҚШ-тан импортталатын тауарлардың бір парасынан қосымша 25 пайыз салық алады. Бұл туралы заң ертең күшіне енеді. Мұны Еуропа комиссиясы мәлімдеді.

Бас-аяғы 2,8 миллиард доллардың өнімдеріне тариф өседі. Олардың қатарында мүкжидектер, апельсин шырындары, арахис майы, джинсилар, косметика, мотоциклдер және болат өнімдері бар.

Айта кетсек, осы айдың басында Трамп әкімшілігі Еуропа одағынан, Канададан, Мексикадан келетін болатқа баж салығын 25 пайызға, алюминийге 10 пайызға көтергені белгілі.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу