АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті дес бермей жатыр. Тілсіз жау елді мекендер мен ондағы фермаға қауіп төндіріп тұр. Әсіресе, Сакраменто қаласына жақын Көктем жазығында от қаулап барады. Оны сөндіруге 250-ден астам маман тартылды.
Аптап ыстық пен күшті жел өрттің тез тарауына себепші. Жергілікті билік 2500 адамды қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берді. Себебі, 600-дей ғимаратты от шарпуы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Калифорния штатындағы өрт фермаларға қауіп төндіріп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72037/)