Қытайдың оңтүстігінде бірнеше күн дамылсыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласты. Табиғи апаттан 220 мыңнан астам адам зардап шегіп отыр. Юньнань провинциясында 4 мың гектарға жауық дәнді-дақыл алқабына зақым келіп, 200-дей баспана бүлінген. 200-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Гуаньси Чжуан автономдық ауданында тасқын 6 мыңға жуық дәнді-дақыл алқабын басып, 1000 шақты үйді зақымдаған. Бұдан өзге, кейбір қалаларда күн күркіреп, бірнеше ұшақ рейсі кейінге шегеріліп, 11 мың жолаушы жолынан қалды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдың оңтүстігін су тасқыны басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72043/)