АҚШ-тың 17 штатының бас прокурорлары президент Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді. Ақ үй басшысы Мексикамен шекарада заңсыз мигрант отбасыларды балаларынан ажыратқаны үшін сынға ұшырады. Президентті сотқа бергендер арасында Вашингтон, Нью-Йорк және Калифорния штаттарының бас прокурорлары бар.
Олардың барлығы - демократтар. Олардың сөзінше, Трамп әкімшілігінің саясаты өте қатал және ол күн сайын қарама-қайшы ережелер шығарады деп мәлімдеді.
Айта кетсек, соңғы бірнеше аптада АҚШ-тың иммиграциялық органдары мигрант ата-аналардан 2300 баланы бөліп алып кеткен. Осыған қатысты наразылыққа тап болған Трамп өткен аптада балаларды ата-аналарынан айыру туралы шешімнің күшін жойған еді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың 17 штатының бас прокурорлары Трамп әкімшілігін сотқа берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72053/)