АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті тез тарап жатыр. Тілсіз жаудан 22 ғимарат қираған. Тағы 600-ден астамын өрт шарпуы мүмкін. Жағдайды күшті жел мен ыстық ауа температурасы қиындата түсті. 3 мың адамға сыртпен байланысты үзу қаупі төніп тұр. Оларға көшу туралы ескерту жасалды. Өрт 3 мың гектардан астам жерге тараған. Жалынды сөндіруге 230-дан астам өрт сөндіруші маман, су бүркитін тікұшақ пен бульдозерлер тартылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Калифорния штатында өрт қаулап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72075/)