Таиландта екі аптадан астам уақыт бойы су басқан үңгірден шыға алмаған 12 бала мен олардың жаттықтырушысы аман-есен құтқарылды. Мұны бірер сағат бұрын осы елдің теңіз күштерінің өкілдері мәлімдеді. Ал, «Ассоушиэйтид пресс» агенттігі сол маңда тұрған соңғы үш жедел жәрдем машинасы кеткенін хабарлап отыр.
11-16 жас аралығындағы 12 бала мен олардың 25 жастағы жаттықтырушысы маусымның 23-де үңгірді аралауға кірген. Алайда, жаңбыр құйғанда, ішке топан су кіріп, олар әрі қарай 4 шақырымға кетіп қалған. Жас футболшылар командасын британдық дайверлер өткен аптада тауып алды.
Үш күнге созылған құтқару операциясын бүкіл әлем жұртшылығы қадағалады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таиландта үңгірде қалып қойған балалар түгел құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72120/)