Иран президенті Хасан Рухани АҚШ-ты Ислам Республикасымен соғыспауға шақырды. Сондай-ақ, ол Вашингтоннан «арыстанның құйрығымен ойнаса, өкініп қалатынын» ескертті. «Америка білуі керек, Иранмен ымыраласу барлық ымыралардың анасы, ал, соғысу – барлық соғыстардың анасы болады», - дейді Рухани. Бұл мәлімдемені ол ирандық дипломаттармен кездесуде жасады.
Бір тәулікке жетпес уақыттан кейін президент Дональд Трампқа Руханиге үлкен әріптермен жауап қайтарды. «Ешқашан, ешқашан АҚШ-ты қорқытпаңыз. Әйтпесе, тарихта ешкім тартпаған зардапты тартасыз. Америка сіздің зорлық-зомбылық пен ажал туралы парасатсыз сөздеріңізге бұрынғыдай төзе бермейді. Сақ болыңыздар!», - деп жазды Трамп «Твиттердегі» парақшасында.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дональд Трамп пен Хасан Рухани бір-біріне ескерту жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72166/)