Грекия астанасы Афины айналасында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда орман өртінен қаза тапқандар саны 60-қа жетіп, 150-ден аса кісі жараланған. Үкімет өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендердің көбінің халі мүшкіл.
Тілсіз жау бақылаудан шығып, ел астанасына үш тараптан жақындап қалған. Онымен күреске 600-дей маман және 300-ге жуық техника тартылды.
Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Грекия билігі жасыл желектерді жалмап бара жатқан жалынды тоқтату үшін ЕуроОдақтан көмек сұрады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Афинадағы өрттен қаза тапқандар саны 60-қа жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72173/)