Францияда ауадағы озон мөлшері көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда ауадағы озон мөлшері көбейген

08.08.2018

Францияның 67 ауданында аптап ыстықтан ауадағы озон мөлшері жоғарылап кеткен. Осыған орай бұл өңірлерде қауіптің сарғылт белгісі жарияланды. Ел астанасында сынап бағанасы 38 градус ыстықты көрсетіп тұр. Үкімет жоғары температура ауаны одан сайын ластай түседі деп алаңдап отыр. Сол себепті, Париж, Лион, Страсбург қалаларында және ірі магистральдарда көлік жылдамдығын асыруға шектеу қойылды. Айта кетсек, озон атмосфераның жоғарғы қабаттарында Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Ал, жерге жақындаған сайын ол өкпеге, қарт адамдар мен балаларға қауіп төндіріп, ауаны ластаушы затқа айналады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу