Аргентина астанасында танго биінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетуге жақын. Буэнос-Айрестегі жарыстың басталғанына екі аптаға жуық уақыт өткен. Оған түрлі елдерден жиналған жүздеген биші қатысып жатыр.
Салондық танго дәрежесінде аргентиналық Хосе Луис Сальво мен Карла Наталия Росси үздік деп танылды. Жеңімпаздар 3 мың доллар ақшалай сыйлық, Мадридке екі билет және демеушілердің өзге де марапаттарына ие болды. Олар енді бүгін өтетін сахналық танго санатында өзге жұптармен бақ сынаспақ. Сол байқаудан кейін бұл чемпионат аяқталуы керек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.