АҚШ-тың Огайо штатындағы банктердің бірінде бәзбіреу адамдарға оқ жаудырып, 4 азамат мерт болды. Тағы 2-еуі жараланған. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Оқыс оқиға Цинциннати қаласында жергілікті уақытпен сағат 9-да болған. Атыс «Fifth Third Bank» кіреберісінде басталған. Шабуылшының өзі де мерт болды деген мәлімет бар. Дегенмен, әзірге оны полиция өлтірді ме, әлде өзіне-өзі қол жұмсады ма белгісіз. Кей деректер бойынша, ол сол банк қызметкері болуы мүмкін. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Огайо штатында атыс болып, 4 адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72328/)