Шри-Ланка астанасы Коломбоның солтүстігінде орналасқан құбырдан 20-30 тоннадай мұнай төгілді. Оны жинау теңіз күштері мен жағалау қызметінен 300-ге жуық адам тартылды.
Құбыр кемедегі энергетикалық отынды су жағасында тұрған қоймаға құю үшін тартылған. Және де ол жергілікті энергетикалық компаниялардың біріне тиесілі.
Ресми өкілдердің айтуынша, мұнай екі балықшылар ауылының ортасындағы 3 шақырым жерге жайылған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Жарты ғасыр бұрын жасалған құбырды ауыстыру жоспары жақында әзірленуі тиіс болған.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коломбоның солтүстігінде орналасқан құбырдан 30 тоннадай мұнай төгілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72344/)