Ресейде 1981 жылдан бергі ең ауқымды әскери жаттығулар өтіп жатыр. «Шығыс-2018» атты маневрлерге қатысып жатқан сарбаздардың саны - 300 мыңдай. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери ойындарға 1 мыңнан астам ұшақ, тікұшақ және пилотсыз ұшу аппараты, 36 мыңдай танк, бронетранспортер, 80 кеме тартылған.
Айта кетсек, Ресей қарулы күштері сапында шамамен 1 миллиондай әскери қызметкер бар. Демек, қыркүйектің 17-не дейін жалғасатын жаттығуларға армияның үштен бірі қатысып жатыр. Шараға қорғаныс министрі Сергей Шойгу жетекшілік етуде.
Министрдің сөзінше, маневрлердің мақсаты - түрлі әскери бөлімшелерді пайдалануға жаттығу. Бұдан бөлек, ауқымды ойындарға қытайлық және моңғолиялық сарбаздар да қатысып жатыр. Бұл үшін Қытайдан Ресейге 24 тікұшақ пен 6 ұшақ, 3200 әскери қызметкер барған. Ал, Моңғолия қанша сарбаз, техника жібергені белгісіз.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде «Шығыс-2018» әскери жаттығуы өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72350/)