Мэттью Сабарис: Каталония бейбітшілікті қалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мэттью Сабарис: Каталония бейбітшілікті қалайды

12.09.2018

Каталонияда өткен тәуелсіздік шеруіне миллион адам қатысып, Испаниядан бөлінуді қолдайтындарын білдірді. Автономия туын ұстаған адамдар дауылпазда ойнап, тәуелсіздікке үндейтін түрлі ұрандар тастаған. Ұлт күнін тойлауға 2017 жылы да осыншама адам қатысқан екен. Бұл - Каталонияда былтыр қазан айында өткен тәуелсіздік референдумынан кейін бірінші рет ұйымдастырылған осындай мереке. Былтыр Корольдік соты референдумды заңсыз деп тауып, Каталонияға тікелей басқару жүйесін енгізген еді. Ал, аймақ басшыларын сепаратистік қадамға барды деп айыптап, қамауға алды.

Осы шеруге қатысқандар сол адамдарды босатуды талап еткен. Шілдеде жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, каталондықтардың 46 пайыздан астамы Испаниядан дербестік алуды қолдаса, 45 пайызға жуығы бұған қарсы екен.

Мэттью Сабарис, тәуелсіздік жақтасы:

-Біз дауыс бергіміз келеді. Каталония бейбітшілікті қалайды және де біз саяси көзқарастары үшін қамалғандарды түрмеден босатуға тиіспіз. 2018 жылы Еуропада осындай жағдайлардың болып жатқаны ұят екен. Біз мұны өзгертуіміз керек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу