Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея басшыларының саммиті басталды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Оңтүстік Корея лидері - Мун Чжэ Инді Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын әйелі екеуі әуежайда қарсы алды.
Кездесуде екі Корея қатынастарын жақсарту, Корей түбегін ядролық қарудан тазарту, сондай-ақ, Солтүстік Корея мен АҚШ арасында келіссөздер өткізу мәселесі талқыға салынбақ.
Соңғы деректер бойынша кездесуден кейін Оңтүстік Корея президенті өзіне арнайы ұйымдастырылған кешкі асқа шақырылған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екі Корея басшыларының саммиті өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72403/)