Франция соты: Марин Ле Пенге психиатриялық сараптамадан өту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция соты: Марин Ле Пенге психиатриялық сараптамадан өту керек

21.09.2018

Франция соты француз ұлтшылдар партиясының лидері Марин Ле Пенді психиатриялық сараптамадан өту керек деп шешті. Бұған Ле Пеннің 2015 жылы твиттер парақшасында «ДАИШ» қарулы тобы адамдарды асып жатқаны жайлы бейнетаспалар жария еткені түрткі болды. Сот шешімі туралы ақпаратты Ле Пеннің өзі әлеуметтік желіге шығарып қойған. Соттың талабы бойынша, оның мұндай әрекеттерге баруына психикалық жағдайының дұрыс болмауы себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, ол қоғамға зиян келтіруі мүмкін.

Дегенмен, Ле Пен бұл сот үкімімен келіспей отыр, оның сөзінше елдегі қалыптасып қалған режимнен қазір халықта үрей басым. «Мен лаңкестерді айыптап, зұлым видеоларды сөккенім үшін маған сот осындай шешім қабылдағаны миға сыймайтын нәрсе, тағы не ойлап табар екен»,- деп пікірін білдірді саясаткер.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу