Танзанияда паром апатынан қаза тапқандар саны 225-ке жетті. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Сенбіде құтқарушылар тірі қалған бір ер адамды тапты. Ол - құрдымға кеткен су көлігінің механигі. Оның халі мүшкіл. Ал, құтқарушылар қаза тапқандардың денелерін судан шығарып жатыр. 200 адамға шақталған паром қыркүйектің 20-да Виктория көлінде аударылды. Оның бортында 400-ден астам жолаушы болған. Қайғылы оқиғаға орай Танзанияда 4 күн қаралы деп жарияланды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Танзанияда паром апаты құрбандарының саны 225-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72431/)