АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп жолдасы Дональд Трамп президент болып сайланғалы алғаш рет жалғыз өзі шетелдік сапарын бастады. Мемлекет басшының зайыбы Африканың Гана, Малави, Кения және Мысыр елдерін араламақ. 5 күндік турнеде Мелания Трамп ауруханадағы балалар мен жаңа туған сәбилерге көмек көрсету, балалардың білім алуы мәселелерін қозғап, сол елдердің мәдениетімен, тарихымен таныспақ.
Ол АҚШ-тың өзіне дейінгі бірінші ханымдарынан үлгі алып отыр. Бұған дейін «қара құрлыққа» Хиллари Клинтон, Лора Буш және Мишель Обама сапар шеккені белгілі.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мелания Трамп Африкаға сапарын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72482/)