Атырауда суретшілердің халықаралық симпозиумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда суретшілердің халықаралық симпозиумы басталды

05.10.2018

«Сұлулық әлемді құтқарады!» Атырауда осындай атаумен суретшілердің халықаралық симпозиумы басталды. Шараға әлемнің бірнеше мемлекетінен тәжірибелі қылқалам шеберлері келді. Симпозиумда дүниежүзі суретшілерімен ғылыми байланыс орнату көзделген.

Осы мақсатта мәдениет саласын терең дамыту үшін мемлекеттер арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде атыраулық қылқалам шеберлері жаһанның түкпір-түкпірінде шығармашылық көрме ұйымдастыратын болады.

Ал, шетелден келген қонақтар өңірде 3 күн болып, отандық суретшілермен тәжірибе бөліседі.  

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу