Босния мен Герцеговинаның Брод қаласындағы мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдай. Кәсіпорында жарылыс болып, іле-шала өрт тұтанған. Жергілікті дәрігерлердің дерегінше, 8 адам жараланып, ауруханаға түскен. Жапа шеккендер - осы зауыттың жұмысшылары. Өрт сөндірушілер жалынның тарауын тоқтатты. Әзірге, жарылысқа не себеп болғаны белгісіз.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Босния мен Герцеговинадағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72529/)