Бүгін түскен мәліметке қарағанда, шілде-қыркүйек айларында бұл мемлекеттің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Тоқсандық мөлшермен алғанда бұл – 2009 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Қытай бүгінде бірқатар экономикалық қауіптерге душар болып отыр. Оның қарызы өсіп, АҚШ-пен сауда жанжалы күшейіп келеді. Бұл жағдайлар алдағы айларда Қытай экономикасының дамуына салмақ түсіреді деген болжам бар.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай экономикасының үшінші тоқсандағы қарқыны баяулады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72575/)