Колумбияның Барранкабермеха қаласында тоқтаусыз жауған нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 9 адам қаза тапты. Жараланғандар да бар. Соңғы деректер бойынша табиғи апат салдарынан 3 үй батпақтың астында қалған. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан мұнай өңдеуші зауытқа да қауіп төніп тұр. Қазір лай көшкіні жүріп өткен аудандарда құтқару, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетсек, Колумбияда жауын-шашын кесірінен мұндай апаттар жиі болып, одан әдетте шөл далада заңсыз салынған үйлер қирайды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Колумбияда лай көшкіні салдарынан 9 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72588/)