Бүгін Қытай президенті Си Цзиньпин әлемдегі ең ұзын теңіз көпірін ресми түрде ашты. Гонконг пен Макаоны жалғайтын су жолының ұзындығы – 55 шақырым. Оның құрылысына 20 миллиард долларға жуық қаражат жұмсалған екен.
Көпір тоғыз жыл бұрын салына басталды. Содан бері бұл құрылысқа тартылған 18 жұмысшы қаза тауыпты.
Соңғы мәліметке қарағанда, Гонконг-Джухай-Макао көпірі көліктер үшін ертең ашылады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72595/)