Интернетте «Фейсбук» әлеуметтік желісінің 257 мың қолданушысы туралы ақпарат ашық тұр. Тіптен, 81 мың аккаунттың жеке хабарламаларын кез келген адам оқи алады. Бұл - хакерлердің ісі. Кибершабуылдан барлығы 120 миллион адамның жеке парақшасы бұзылса керек. Бұл мәліметтер архиві үшін хакерлер 12 миллион доллар талап етіп отыр. Оларда қолданушыларының аты-жөндері, электрондық мекенжайлары, телефон нөмірлері бар. Ал, «Фейсбуктің» мәлімдеуінше, кибершабуылшылар адамдардың төлем карталарының құпиясөздеріне қол жеткізе алмаған. Хакерлердің әрекеті қыркүйекте әшкере болғанымен, тек қазанның ортасында жария етілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Хакерлер «Фейсбуктың» 257 мың қолданушысы туралы мәліметтерді жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72662/)