АҚШ-та орман өртінен бірнеше кеңсе мен аурухана жалын астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та орман өртінен бірнеше кеңсе мен аурухана жалын астында қалды

09.11.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен талай үй өртенді. Соңғы деректерге қарағанда, бірнеше кеңсе мен өңірдегі «Ривер» ауруханасы лаулаған жалынның астында қалды. Лапылдаған от екпінді жел кесіренен егіс алқаптарды тез шарпыған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтеріне сүйенсек, шамамен 3200 гектар жер күлге айналды. Қауіп төнген солтүстік аудандардан, Сан-Франциско қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан өңірлерден 27 мың адам эвакуацияланды. Қазір әлеуметтік желілер арқылы штатты көк түтін басқан видеолар тарап жатыр. Тілсіз жаумен күресуге ондаған өртсөндіруші мен бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.    

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу