Испания астанасы Мадридте үстеріне қызғылт киім киген он мыңдаған әйел шеруге шықты. Осы шара арқылы нәзік жандылар Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күнін атап өткен. Наразылық акциясы - әлемде осыған ұқсас өтіп жатқан шерулердің бір бөлігі. Қолдарына дауылпаз ұстаған қыз-келіншектер әйелдердің тұрмыста жәбірленуі және нәзік жандыларға қатысты өзге де мәселелерді көтерген. Бұған қоса, Мадридтегі шеруде былтыр Испанияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан 44 әйелдің есімдері оқылып, еске алынды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72773/)