Иранның батысындағы Керманшах провинциясында зілзаладан зардап шеккендер саны 729-ға жетті. Олар елдің Гилянгарб, Каср және Ширин қалаларының тұрғындары. Мұны жергілікті Press TV телеарнасы хабарлап отыр. Жеңіл-желпі жараланған 700-дей адам емделіп, дәрігерлердің қарауынан босатылды. 18-і госпитальде жатыр.
Қуаты 6,3 балдық дүмпу Иран-Ирак шекарасында 10 шақырым тереңдікте болған. Оның эпицентрі Ирак астанасы Бағдаттан солтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жерде анықталды. Тағы бір деректерге қарағанда, Ирак Күрдістаны аумағында зілзаладан 1 адам қаза тауып, 43-і жапа шеккен. Апат болған аудандарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иранның Керманшах провинциясындағы зілзаладан 729 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/72776/)