Мексика: Шекарадан заңсыз өткен мигранттар саны артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексика: Шекарадан заңсыз өткен мигранттар саны артуда

04.12.2018

Мексикаға жиналған мигранттар АҚШ аумағына шекараның үстінен өтіп жатыр. Босқындардың Тихуана қаласынан АҚШ жеріне қалай секіріп түсіп жатқаны туралы кадралар жария болды. Оларды байқаған сақшылар дабыл қағып, тікұшақтарды шақырды.

Айта кету керек, Тихуанаға бас-аяғы 6 мың мигрант барған. Олардың көбі –Гондурас пен Сальвадордағы кедейшілік пен зорлық-зомбылықтан, қылмыс пен жемқорлықтан қашқандар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу