Франция: Тулуза қаласында тәртіпсіздіктер әлі басылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция: Тулуза қаласында тәртіпсіздіктер әлі басылған жоқ

05.12.2018

Францияның оңтүстік-батысындағы Тулуза қаласының студенттері де президент Эммануэль Макронның реформасына қарсы шеруге қосылды. Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнероликтерден жастардың қоқыс жәшіктерін өртеп жатқаны, полиция қызметкерлерінің оларға қарсы газ қаруын қолданып жатқаны көрсетілген. Студенттер жоғары оқу орнына қабылдау бойынша жаңа жүйенің енгізілуіне және оқу ақысының жоғарылауына қарсы.

 Жалпы, бүгін наразылық акциялары мен тәртіпсіздіктер елдің көптеген бөліктерінде қайта күшейді. «Сары кеудешелердің» шеруі деп аталып кеткен акциялар қарашаның 17-сінде басталды. Бұл - президент Макронның экономикалық реформаларына көңілі толмаған адамдардың қарсылығы. Олардың пікірінше, билік енгізгелі отырған өзгерістер ауқаттылардың мүддесін қорғайды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу